Официальный канал телеканала ХАБАР / ХАБАР телеарнасы

Жаңалықтар, ақпараттық-талдау бағдарламалары. Қазақстан мен әлемнің соңғы жаңалықтары, саясат, экономика, бизнес, валюта айырбастау бағамдары, мәдениет, технологиялар, спорт, сұхбат, арнайы репортаждар, оқиғалар және тағы басқалар. Арнаға жазылып, ең соңғы ақпаратқа қол жеткізіңіз!

Новости, информационно-аналитические программы. Последние новости Казахстана и мира, политика, экономика, бизнес, курсы валют, культура, технологии, спорт, интервью, специальные репортажи, происшествия и многое другое.
Подписывайтесь на канал и будьте в курсе самой актуальной информации!

Байланыс|Контакты: +7 (7172) 757 545


Khabar NEWS

📚 Қымбатты ұстаздар, кәсіби мерекелеріңіз құтты болсын!

Жас ұрпақты оқыту мен тәрбиелеу жолындағы еңбектеріңізге табыс тілейміз, білім мен ғылымды игеруде жетістіктеріңіз көп болсын!

#мұғалімдеркүні #кәсібимереке #ұстаз

17 hours ago | [YT] | 87

Khabar NEWS

⚡️Мемлекет басшысы Жасанды интеллектіні дамыту жөніндегі кеңестің үшінші отырысын өткізді

Жиында өнеркәсіп секторын цифрлық трансформациялау мәселелері қаралды.

🔹Мемлекет басшысы жасанды интеллект жаңа цифрлық дәуірде бәсекеге қабілеттілікті айқындайтын басты факторлардың біріне айналғанын атап өтті.

3 days ago | [YT] | 214

Khabar NEWS

2 қазан — Халықаралық зорлық-зомбылыққа қарсы күрес күні

Әр адам қауіпсіз ортада өмір сүруге, құрмет пен қамқорлыққа лайық. Зорлықтың алдын алу — қоғамның ортақ міндеті.

Бір-бірімізге қолдау көрсетіп, мейірім мен сыйластықты бірге қалыптастырайық. 🕊️

#Хабар #ЗорлықЗомбылыққаЖолЖоқ #ҚауіпсізҚоғам

3 days ago | [YT] | 72

Khabar NEWS

Сіздер күткен сәт келді… 👀❤️

Көптен күткен «Ақ жеңге» YouTube-та қайта жалғасады!
https://youtu.be/UGGbMuZgy8w
https://youtu.be/UGGbMuZgy8w
https://youtu.be/UGGbMuZgy8w
Бүгін сағат 20:00-де YouTube премьераны жіберіп алмаңыз! ❤️

Бүгінгі сериядан не күтесіздер? 👇

3 days ago | [YT] | 55

Khabar NEWS

Журналист Индира Жылқайдарова өмірден өтті


Индира Жылқайдарова журналистика саласында ұзақ жыл еңбек етіп, «Хабар» агенттігі мен «7 арнада» қызмет атқарған.

Ол парламент журналистикасына да айрықша үлес қосып, депутаттардың жұмысы мен заң шығару үдерісін тұрақты түрде ақпарат құралдарында жариялады.

Журналист кәсіби байқауларда бірнеше рет жүлдеге ие болған. 2020 жылы «Парламент сөзі» байқауында үздік телевизиялық сюжет номинациясын жеңіп алды. Ал 2021 жылы «Аманат» байқауында мемлекеттік тілдегі үздік телевизиялық материал үшін лауреат атанды. 2022 жылы Индира Жылқайдарова AMANAT медиасыйлығының «Рухани-мәдени даму туралы үздік материал» номинациясында жеңімпаз болды. Қазылар алқасы оның ақын Мұқағали Мақатаевтың 91 жылдығына арналған телевизиялық материалын жоғары бағалаған.

Ол еңбек жолында қоғам үшін маңызды әлеуметтік және мәдени тақырыптарды көтеріп, көптеген журналистік материал әзірледі.

3 days ago | [YT] | 195

Khabar NEWS

1 ҚАЗАННАН БАСТАП
ҚАЗАҚСТАНДА НЕ ӨЗГЕРЕДІ?

Қазан айында күшіне енетін өзгерістер мен маңызды жаңалықтар

4 days ago | [YT] | 80

Khabar NEWS

КАЗАХСТАН ПОДНЯЛСЯ В МИРОВОМ ИННОВАЦИОННОМ РЕЙТИНГЕ

Наша страна укрепляет свои позиции на международной арене в сфере инноваций, высшего образования и развития человеческого капитала.

📊 В Глобальном инновационном индексе WIPO 2026 Казахстан поднялся на 8 позиций и занял 73-е место в мире. Это лучший результат за последние 10 лет!

4 days ago | [YT] | 67

Khabar NEWS

МЕМЛЕКЕТ БАСШЫСЫ МАҢҒЫСТАУДАҒЫ ОҚИҒАҒА ҚАТАҢ БАҒА БЕРДІ

Президент – ҚР Қарулы Күштерінің Жоғарғы Бас Қолбасшысы Қасым-Жомарт Тоқаев қорғаныс ведомствосының басшылық құрамымен кеңес өткізді.

Президенттің айтуынша, бейбіт күнде сарбаздардың өмірін жалмаған бұл қайғылы жағдайға бірінші кезекте офицерлердің, соның ішінде генералдардың салғырттығы және кәсіби біліксіздігі себеп болды.

Қасым-Жомарт Тоқаев қайғылы оқиғаның мән-жайын ғана емес, мұндай оқу-жаттығуды жоспарлауға не түрткі болғанын және қойылған міндеттің қазіргі қауіп-қатерлерге қаншалықты сай келетінін анықтауды талап етті.

Сондай-ақ, Мемлекет басшысы қорғаныс ведомствосының жұмысын түбегейлі трансформациялау мәселесіне тоқталды. Ол армияда цифрлық трансформация жүргізуді, мүмкіндігінше адамды технологиямен алмастыруды тапсырды.

Жиын барысында Қорғаныс министріне бірқатар кезек күттірмейтін міндет жүктелді. Атап айтқанда, Президент Қауіпсіздік Кеңесінің Аппаратына әскерді реформалау үдерісін үйлестіруді міндеттеді.

#Хабар #Ақорда #Тоқаев #Маңғыстау #әскериреформа

1 week ago | [YT] | 86

Khabar NEWS

Мемлекет басшысы Қорғаныс министрі Айдос Мырзахметовті қабылдады

🔹Кездесуде Президент Қасым-Жомарт Тоқаев елдің қорғаныс қабілетін нығайту, Қарулы Күштердің жауынгерлік дайындығын күшейту және әскери басқару жүйесін жетілдіру бойынша нақты тапсырмалар берді.

🔹Мемлекет басшысы әскери қызмет қауіпсіздігіне баса назар аударды. Президент әскери қызметшілердің өмірі мен денсаулығын сақтау барлық деңгейдегі қолбасшылық үшін негізгі басымдық болуы керек екенін атап өтті.

🔹Президент кәсіби даярлықтың сапасын арттыру, әскери инфрақұрылымды дамыту, қару-жарақ пен техниканы жаңғырту, заманауи технологиялар мен цифрлық шешімдерді енгізу жөнінде міндеттер жүктеді.

🔹Сондай-ақ Мемлекет басшысы сарбаздардың бойында жауапкершілік, тәртіп, Отанға адалдық қасиетін қалыптастыруға баса мән бере отырып, әскердегі тәрбие жұмысын күшейту қажеттігіне назар аударды.

🔹Бұдан бөлек, әскери қызметшілер мен олардың отбасын әлеуметтік тұрғыдан қолдау мәселелеріне айрықша мән берілді.

1 week ago | [YT] | 71

Khabar NEWS

МАҢҒЫСТАУДА ҚАЗА ТАПҚАН ӘСКЕРИ ҚЫЗМЕТШІЛЕРМЕН ҚОШТАСУ РӘСІМІ ӨТТІ

Бүгін Маңғыстау облысында әскери борышын өтеу кезінде қаза тапқан әскери қызметшілермен қоштасу рәсімі өтті.

Қаралы рәсімге Маңғыстау облысының әкімі Нұрдәулет Қилыбай, Қазақстан Республикасының Қорғаныс министрі Дәурен Қосанов, Қазақстан мұсылмандары діни басқармасының төрағасы, Бас мүфти Наурызбай қажы Тағанұлы, Ұлттық құрылтай мүшелері, «Қазақстан Халық Кеңесінің» мүшелері, сондай-ақ белгілі қоғам қайраткерлері мен марқұмдармен қызметтес болған азаматтар қатысты.

Рәсімге қатысушылар қаза болған жауынгерлердің туған-туысы мен жақындарына орны толмас қайғыға ортақтасып, көңіл айтты. Отан қорғаушылардың рухына Құран бағышталып, құдайы рәсімдер жасалды.

Мемлекет басшысының тапсырмасына сәйкес, қаза болған әскери қызметшілердің отбасыларына мемлекеттік әлеуметтік төлемдер, материалдық қолдау және жаназа мен жерлеу рәсімдерін ұйымдастыруға қажетті жан-жақты көмек көрсетілуде.

Қаражатты жинақтау мақсатында Маңғыстау облысының әкімдігі тарапынан бұған дейін арнайы қор айқындалған болатын. Жинақталған барлық қаражат қаза болған әскери қызметшілердің отбасыларына және зардап шеккендерге атаулы әрі ашық түрде, мемлекеттік және құқық қорғау органдарының қатаң бақылауымен бағытталады.

Маңғыстау облысының әкімдігі қаза болған әскери қызметшілердің отбасыларына, ата-аналары мен жақындарына қайғырып көңіл айтады.

1 week ago | [YT] | 45